Заңда президент сайлауы желтоқсан айының үшінші он күндігіндегі алғашқы жексенбіде өтетіні айтылған.
Дүйсенбі күні талқыланған заң жобасы қабылданса, онда биыл президент сайлауы Өзбекстанда 24 қазанда ұйымдастырылады.
Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев былтырғы желтоқсанда парламентте жасаған үндеуінде 2021 жылы президент сайлауы өтетінін айтқан. "Өзбекстанда 2021 жылы өтетін президент сайлауы халықаралық стандарттарға сай ұйымдастырылуы тиіс" деген Мирзияев.
Өзбекстан Конституциясында мемлекет басшысы құпия дауыс беру арқылы бес жылға сайланатыны айтылған.
Соңғы мәрте Өзбекстанда президент сайлауы 2016 жылы 4 желтоқсанда өтті.