Ақпаратқа қарағанда, бойында төрт айлық нәрестесі бар әйел некесіз тұрған ер азаматпен бірге баласын 9 мың долларға сатуды көздеген. Олар алдын ала 6 мың доллар алып жатқан кезде ұсталып, оларға қарсы қылмыстық іс қозғалды.
Өзбекстан ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, өлкеде соңғы үш жыл ішінде бала сатуға байланысты 185 оқиға тіркелген.