Билік мәліметі бойынша, жарылыстар Таяран алаңындағы базарда болды. «Ислам мемлекетімен» байланысы бар Amaq жаңалықтар агенттігі telegram-арнасында ұйымның екі мүшесі денесіндегі жарылғышты іске қосқанын хабарлады. Бұл күні базарда адам көп болған.
Жанкештілердің бірі базарға кіріп, жарылғышты іске қосар алдын адамдарды өзіне шақырған, деп хабарлады Ирактың ішкі істер министрлігі. Адамдар жараланғандарға көмектесуге жүгірген уақытта екінші жанкешті жарылғышты іске қосқан, делінген министрлік мәлімдемесінде.
Денсаулық сқатау саласындағы дереккөз шабуыл құрбандары көбеюі мүмкін екенін айтқан.