Ссылки доступа

Куәгерлер: Өзбекстанда шенеунік баласы әкесінің қызмет көлігімен бір адамды қағып өлтірген


Глава Касанского района Кашкадарьинской области Узбекистана Асрол Байкараев.
Глава Касанского района Кашкадарьинской области Узбекистана Асрол Байкараев.

Қашқадария облысы Касан ауданының 59 жастағы тұрғыны Шерәлі Жұмақұловты 12 желтоқсанда аудан әкімі Асрол Байқараевтың қызмет көлігі қағып кетті. Жұмақұлов оқиға орнында қаза тапты.

Марқұмның жақын туыстарының айтуынша, қызмет көлігін Касан ауданы әкімінің 19 жастағы баласы басқарған, оның қасында әкім отырған. Көлік салонында әкімнің әйелі мен қызы болған.

Асрол Байкараев пен оның отбасы оқиға орнынан тез кетіп қалған. Аудан әкімінің тапсырмасымен, көлікті әкім орынбасары Рахим Жураев басқарған деген хаттама толтырылған.

Ішкі істер министрлігіндегі шенеуніктердің айтуынша, «бұған аудан әкімі мен отбасын қатыстырмай, істі жауып тастау туралы ауызша бұйрық түскен».

Аудан әкімшілігінің баспасөз хатшысы Дилшод Нәбиев жол апатына әкім мен оның отбасының қатысы жоқ деп отыр.

Куәгерлердің айтуынша, жол апаты 12 желтоқсанда кешкі сағат тоғыз шамасында болған. Қара түсті «Каптива» қызмет көлігі қатты жылдамдықпен жаяу кісілер өтетін жолақтан өтіп бара жатқан 60 жастағы Шерәлі Жұмақұловты қағып кеткен. Соққының қатты болғаны сонша, көліктің оң жақ қанаты ішке қарай майысып кеткен.

«Озодлик» редакциясы жол апатының үш куәгерімен сөйлесті. Олар аудан әкімі тарапынан қысым бола ма деп қорқады, бірақ әділ тергеу өткізілсе, куәлік етуге дайын отыр.

Марқұм Шерәлі Жұмалиев жедел жәрдем ауруханасында жүргізуші болып істеген. Оның артында екі ұлы, үш қызы қалды.

Жена и сестра покойного жителя Касанского района Шерали Жумакулова обратились к президенту Мирзияеву
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:05:02 0:00

XS
SM
MD
LG