Ссылки доступа

Қазақстан, Өзбекстан және АҚШ 1 млрд долларға жаңа жоба бастады


АҚШ, Қазақстан және Өзбекстан үкіметі Орталықазиялық инвестициялық әріптестік құрды. Үш елдің бірлескен мәлімдемесі АҚШ-тың Өзбекстан елшілігінің ресми сайтында 7 қаңтарда жарияланды.

Құжатта атап өтілгендей, қатысушылар аймақтық экономикалық әріптестікті дамыту үшін көрші елдерді де жобаға қосылуға шақырады.

"Аталған жоба аясында АҚШ-тың халықаралық қаржылық даму корпорацисы, Қазақстан үкіметінің мүддесін қорғайтын "Астана" халықаралық қаржы орталығы мен Өзбекстанның инвестиция және сыртқы сауда министрлігі бес жыл көлемінде жеке сектор мен экономиканың дамуына 1 млрд доллар жұмсайды", - делінген мәлімдемеде.

Бұл жоба C5+1 платформосы аясында жүзеге аспақ.

XS
SM
MD
LG