Ссылки доступа

Қырғыздың арнайы қызметі елге «террористік шабуылдарды жетілдіру үшін» келген шетелдіктерді ұстағанын мәлімдеді


Қырғызстанның Жалал-Абад қаласында ТМД елдерінің бірінің екі азаматы ұсталды. Бұл туралы ҰҚМК баспасөз қызметі хабарлады.

Арнайы қызмет мәліметіне қарағанда, олар террористік шабуылдарды жетілдіру үшін Қырғызстан аумағына заңсыз кіріп, жалған құжаттармен Сирияға кетпек болған.

Комитеттің хабарлауынша, ұсталғандар Жалал-Абадтағы терегу изоляторында отыр. Оларға көмектескендерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

ҰҚМК-нің 2018 жылғы мәліметі бойынша, Сириядағы соғыс ошағына 850 қырғызстандық барған. Солардың 150-і оққа ұшқан. Хабарларға қарағанда, «Ислам мемлекетіне» шамамен 140 қырғыз әйелі қосылған.

XS
SM
MD
LG