Ссылки доступа

Өзбекстанда 16 жастағы қыз өзін алып қашқан көліктен секіріп қайтыс болды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Наманган облысы Нарын ауданында 16 жастағы қыз өзін алып қашқан көліктен секіремін деп қайтыс болған. Бұл жөнінде облыстық ішкі істер басқармасы хабарлады.

Қайғылы оқиға 20 желтоқсанда болған. 18 және 23 жастағы ер адамдар қызды көлікке отырғызып алып қашпақ болған. Бірақ бойжеткен көліктен секірген кезде, алған жарақатынан көз жұмған.

Марқұм келесі жылы университетке оқуға түсемін деп дайындалып жүрген екен.

Орталық Азия елдерінде қыз алып қашу кең жайылған.

Қырғызстанда алып қашқан қызды үйіне қайтару ұят деп саналады да, сол үйге қалдырып кетеді. Бірақ бұл үшін қылмыстық жаза қарастырылған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, соңғы жылдары қыз алып қашу бойынша милицияға өтініш түсірушілер көбейген.

Мына видеода да Қазақстанда ер азамат қызды алып қашпақ болады:

XS
SM
MD
LG