Баспасөз қызметінің мәліметінше, Бейнеу ауданындағы 464-разъезд аумағында жүк вагонынан өрт шыққаны туралы хабар өрт сөндірушілерге таңғы сағат 5:30 шамасында түскен.
Өрт кезінде жүк вагонында болған бес адам (біреуі бала) Бейнеу ауылының ауруханасына жеткізілген. Олардан түрлі жарақат анықталған.
Әзірге толық емес ақпарат бойынша, өрттің шығуына жүк вагонында газ баллонының қақ айырылуы себеп болған. Таңертеңгі сағат 7-де өрт толық сөндірілген, жүк вагоны толық жанып кеткен. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолаушылар вагонына от тимеген. Жолаушылар пойызы таңертеңгі сағат 9-дан кете бере Ақтөбе станциясына жөнелтілген.