Тиісті қаулыны өзбек үкіметі қабылдады.
2021 жылдан бастап республикада 22 қыркүйек Көліксіз күн деп жарияланды.
2021 жылдың 1 сәуірінен бастап ауыл-аймақта, аудандардан, қалаларда жаяу және велосипедпен серуендеу үшін "Денсаулық жолдары" түзіледі.
Үкіметтің бұл тоқтамы биыл қазанда өзбек президенті қол қойған "Салауатты өмір салтын құру" жарлығына сәйкес негізделген.