Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, зымыранға қарсы жаңа жүйе “өзіне тән қасиеттерін дәлелдеп, тапсырманы сәтті орындап, шартты нысананы дәлдеп атып түсірген".
"Зымыраннан қорғану жүйесі әуе-ғарыш шабуылдарынан қорғауға арналған" делінген хабарламада.
Ресейлік БАҚ қазан айының соңында да осыған ұқсас сынақ өткенін хабарлаған.
Ресей Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонының бір бөлігін 1996 жылы Қазақстанмен жасалған келісім бойынша жалға алған. Полигонның қалған бөлігін Қазақстан пайдаланады.