"Кипрде екі ел және екі мемлекет бар. Келіссөздер өткізіп, оның нәтижесінде екі жақ өзінше екі мемлекет болуы тиіс", - деді Ердоған.
Солтүстік Кипр 1983 жылы өзін егемен ел деп жариялаған. Оған дейін аралдың кипрлік түріктер басым солтүстік бөлігін Түркия әскері оккупациялап алған. Оның егемендігін Анкара ғана таныған.
Осыған дейін Кипрдің екі тарапы аралды біріктіруге байланысты келіссөздер жүргізіп келді. Бірақ нәтиже бермеді.
Бірқатар басылымдар атап өткендей, Кипрдің солтүстігінде Ердоған қолдаған саясаткер Эрсин Тартар билікке келгеннен кейін екі тарапты қосу туралы келіссөздер бұрынғыдан да қиындай түсті. Тартар халықаралық қауымдастық Солтүстік Кипрдің тәуелсіздігін тануы керектігін айтып келеді.