Ол бұл жөнінде 4 қарашада Жалал-Абад облысында тұрғындармен кездесу кезінде айтты.
"Маған сенетін мигранттар және жеке кәсіпкерлер Қытайға қарызды қайтару үшін арнайы есепшот ашып жатыр. Екі-үш күнде бұл мәселе шешіледі. Біз ашықтықты қамтамасыз етеміз", - деді ол.
Жапаров осыған дейін басқа аймақтарда халықпен кездесу кезінде қарызды қайтаруға елдің ішкі ресурстары жеткілікті деген.
Қытай алдындағы қарызды қайтару үшін халықтан ақша жинайық деген ұсынысты қазан айында парламент депутаты "Әйелдер кеңесі" бірлестігінің жетекшісі Айнұры Алтыбаева айтқан.
"Қазір мемлекеттік банктен есепшот ашу шарттары шешіліп жатыр. Барлық төлемдер сайтта жарияланып тұрады", - деген ол.
Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, Қырғызстанның сыртқы қарызы 4 млрд 169,6 млн долларды құрайды. Оның 1 млрд 776,29 млн доллары Қытайдың "Эксимбанктен" алынған несие.
2018 жылы Қырғызстанның премьер-министрі болған Мұхаммедкалый Абылгазиев та арнайы есепшот ашу туралы ұсыныс айтқан. 2007 жылы премьер-министр болып тұрғанда, экс-президент Алмазбек Атамбаев та арнайы есепшот ашқан. Бес жыл ішінде 20 мың доллар жиналған.