Аустрия ішкі істер министрлігі синагогадағы атысты теракт деп атады.
Шабуыл жасаушының бірі өлтірілген, екіншісі жасырынып үлгерген, қазір оны іздестіріп жатыр деп хабарлайды dpa агенттігі.
Вена полициясы қала орталығында "ірі операция" бастағанын мәлімдеді.
Deutsche Welle Kronen Zeitung-қа сілтеме жасап Венадағы еврей қауымдастығының президенті тұрғындарды үйінен шықпауға шақырды деп хабарлайды.
Венаның полиция басқармасы да тұрғындарды үйінде болуға, қоғамдық көліктерге мінбеуге, оқиға орнында түсірілген видеоларды таратпауға шақырды.