Өзбек үкіметінің 22 қазанда мәлімдеуінше, клиникалық сынақтардың барлық кезеңі сәтті аяқталса, Өзбекстан вакцинаны арзан бағаға сатып алатын елдер қатарына кіреді.
Клиникалық сынақ 18 және одан жоғары жастағы еріктілер арасында өткізіледі. Сынақ қарсаңында қытай мамандары бірнеше тренинг ұйымдастырады.
29 қыркүйекте Өзбекстан үкіметі Қытайдың екі компаниясымен вакцинаны сынақтан өткізу туралы келісімге отырғаны мәлім болды.
Бұған қоса, өзбек билігі Ресейге олардың вакцинасын бірлесіп сынақтан өткізуді ұсынған.
25 қыркүйекте Ресейдің тікелей инвестициялар қоры Sputnik V вакцинасының 35 миллион данасын Өзбекстанға жеткізу туралы келісім қабылданғанын хабарлады.
Мәліметтерге қарағанда, вакцинаның 10 миллион данасы Өзбекстанға биыл жөнелтілсе, қалған 25 миллионы келесі жылы жіберіледі.