Ссылки доступа

Қырғызстанда "қылмыс әлемінің дөкейі" Қамшы Көлбаев ұсталды


Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қылмыс әлемінің дөкейі Қамшы Көлбаевты ұстады. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

"Қылмыстық топ құру немесе соған қатысу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Хабарларға қарағанда, 22 қазанда Көлбаевты ҰҚМК-нің бас тергеу басқармасына жеткізген.

Бұның алдында әлеуметтік желілерде Көлбаевты 22 қазанда Бішкектегі спорт клубтарының бірінде ұстағаны туралы мәлімет тараған.

16 қазанда ҰҚМК төрағасы болып тағайындалған Қамшыбек Ташиев қылмыстық әрекеті дәлелденсе, Көлбаевты жауапқа тартатынын мәлімдеген.

Қамшы Көлбаев ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі ретінде ішкі істер министрлігінің тізіміне алынған. Министрлік мәліметі бойынша, 2018 жылы Көлбаев тобында 424 адам болған.

2012 жылы АҚШ президенті Барак Обама Көлбаевты жеті ірі есірткі бароны ретінде "қара тізімге" қосты. АҚШ мемлекеттік департаменті Көлбаевтың "қаржы механизмін бұзуға" септігі тиетін ақпарат үшін бір миллион доллар сыйақы тағайындаған.

XS
SM
MD
LG