Ссылки доступа

Өзбекстанда екі жастағы ұлын сатпақ болған ер адам ұсталды


Сұрхандария облысында екі жастағы ұлын сатпақ болған ер азамат ұсталды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, аудандық ішкі істер бөлімшесіне Байсун ауданының тұрғыны хабарласқан. Оның сөзінше, 28 жастағы Денау ауданының тұрғыны Пулат Чориев екі жастағы ұлын 50 млн сумға (4,8 мың АҚШ доллары) сатпақ болған.

"Сол күні арнайы операция жүргізіліп, П.Чориев ұлын 2500 АҚШ долларына және 24 250 000 сумға сату кезінде ұсталды", - делінген хабарламада.

Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалған, тергеу жүріп жатыр.

Осыған дейін де хабарланғандай, Өзбекстанның құқық қорғау органдары бала сату ісіне байланысты бірнеше оқиғаны анықтаған.

XS
SM
MD
LG