Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұры Қашқадария облысындағы Карши қаласындағы мешітте ұрлық жасау кезінде ұсталған.
Әндіжан тұрғыны Х.К. 2019 жылы жазда Ташкент, Самарқанд, Жизақ және Ферғана облыстарындағы мешіттерде адамдардың ұялы телефондарын, әмиянын және құжаттарын ұрлаған.
Тергеу барысында Х.К.-нің бұған дейін бес жылға сотталғаны мәлім болды.
Карши қаласының қылмыстық істер жөніндегі соты ұрыны жеті жылға соттады.