"Озодлик" редакциясына түскен анкетада оқушы мен ата-анасының аты-жөні, тұрғылықты және жұмыс орны көрсетілген. Бұған қоса, мұғалімдер ата-анасы шетелде жүрген, немесе экстремистік ағымды жақтайтын оқушыларды көрсетуі тиіс.
Ташкент ауданындағы №12 орта мектеп мұғалімінің айтуынша, бұл тізімді ата-аналар білмеуі керек. Мұғалімдер мәліметті аудан әкімшілігіне 2 қазанға дейін тапсыруы тиіс.
Ташкент ауданындағы бірнеше мектептің басшылығы мұндай мәлімет Ташкент қаласы әкімінің тапсыруымен жиналып жатқанын хабарлады.
Оны естіген оқушылардың ата-аналары бұған наразы болды.
– Көздеген мақсаты не? Оқушыларды діни сенімі үшін қудалай ма? "Дін еркіндігі туралы" заң қайда қалды? – деп ашуланды бір ата-ана.
Бірақ билік мұндай мәліметті жинаудан оқушылар зардап шекпейді деп отыр.
– Ата-аналар алаңдамасын. Мұндай тізім оқушылардың әлеуметтік қорғауға қажет пе, жоқ па, соны білу мақсатында жасалады. Мектеп, махалла және ата-ана оқушылардың дұрыс тәртие алуын қадаласа дейміз. Бұған қоса, біз жастардың заңсыз діни-экстремистік ұйымдарға қосылып кетпегенін қалаймыз, – деді Ташкент ауданы әкімшілігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі қызметкері.
Өзбекстанда қоғамдық орындарда, мектептерде, жоғары оқу орындарында хиджаб киіп жүруге тыйым салынған. Екі жыл бұрын республикада бірыңғай мектеп формасы енгізілді.