Ссылки доступа

Зеличенко: Қырғызстанда есірткі жағдайы қауіпті


Қырғызстанда есірткі тасымалы қауіпті күйде қалып отыр. Осылай деп "Орталық Азиядағы есірткісаясат орталығы" қоғамдық қорының жетекшісі Александр Зеличенко мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұндай жағдай бірнеше факторға байланысты: елде жабайы өскен есірткі шөптері бар екені, Ауғанстанның жақындығы және Қырғызстанда химиялық есірткі дайындайтын зертхананың пайда болуы.

Зеличенко Азаттықтың қырғыз қызметіне берген сұқбатында 1,5 келі есірткімен милиция полковнигінің қамалғаны туралы ойын білдірді.

"Өкінішке қарай, мұндай фактілер көбейіп жатыр. ІІМ-де мұндай адамдардың болуы қорқынышты. Мұның бірнеше себебі бар. Олардың бірі идеология жоқтығы, адамдар кімге және неге қызмет етіп жатқанын білмейді. Есірткі коррупциясы – бұл өте қорқынышты. Себебі, ол адамдарды бұзады. Ол жерде өте көп ақша бар. Бірақ бақылау жоқ. Бірақ Құқық қорғау органдарындағы барлық адамдар осылай деп айтуға болмайды. Онда да адал қызметкерлер көп", - деді Зеличенко.

23 қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес қызметінің Шу облыстық басқарма қызметкері (полковник) ірі көлемде есірткі сатуға әрекет етті деген күдікпен ұсталғанын мәлімдеген.

Мекеме мәліметіне сәйкес, милиция полковнигі бір жарым келі есірткіні 581 мың сомға сатуға әрекет еткен.

XS
SM
MD
LG