Хабарларға қарағанда, мектеп директоры өз-өзіне қол жұмсаған. Қашқадария облыстық прокуратурасының мәліметі бойынша, директор үш хат қалдырған.
Солардың бірінде ол әріптес ұстаздарына жемқорлық жасамауға кеңес берген.
Марқұмның туыстары директор жүрек ауруынан қайтыс болды деп хабарлап, сот-медициналық сараптама өткізбестен жерлеген.
Тергеушілер аудандық білім, ішкі істер бөлімдерін тексеріп жатыр.