"Көшкен таудың көлемі шамамен миллион куб метрден асқан. Қазір әлі көшіп жатыр", - деді әкім.
Бастапқы мәліметтер бойынша көшкіннен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі таңда жол жөндеу басқармасының және төтенше жағдайлар министрлігі қауіптің алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ресми мәлімет бойынша, 2018 жылы Қырғызстанда таут-кен саласындағы кәсіпорындарда 20 қайғылы оқиға болып, жеті жұмысшы қаза тапқан. 13 жұмысшы ауыр жарақат алған. 2019 жылдың қазан айына дейін алты оқиға тіркеліп, үш жұмысшы қаза тапты және үшеуі ауыр жарақат алды. 10 желтоқсанда Сүлүктү қаласындағы шахтада газға уланып, төрт адам көз жұмды.