Синдзо Абэ үкіметі Олимпиада ойындарын келесі жылы өткізуді көздеп отыр. Олимпиаданың биыл өтуіне коронавирус пандемиясы кедергі жасады.
Премьер-министр Синдзо Абэ Ойындардың көмегімен 2021 жылы Токиоға мыңдаған спортшы мен жанкүйер жынағысы келеді. Билік пандемия кезінде туризм арқылы елдің ішкі жалпы өнімін арттыруды көздеп отыр. Пандемия кезінде ІЖӨ 30 пайыз қысқарған.
- Түрлі компаниялар жыл соңынан келесі жылдың наурызына дейін түрлі вакцина дайындап шығаруы мүмкін. Бірақ біз Олимпиада ойындарын өткізгіміз келеді" деді үкіметтің бас хатшысы Ёсихиде Суга.
Олимпиада ойындарын өткізуге пандемия жағдайында логистика мәселесі кедергі келтіруі мүмкін, өйткені мыңдаған адам Ойындарға қатысуға және жаттығуға келеді.
Дегенмен Жапония үкіметі тұрғындардың 140-тан астам елге саяхаттауына тыйым салып отыр.