Ссылки доступа

Тәжік президенті: Ванч ауданының 53 тұрғыны террористік топтың құрамына кірген


2014 жылдан бері Ванч ауданының 53 тұрғыны, оның ішінде 3 әйел бар террористік топтың құрамына кіру үшін шетел асып кеткен.

Бұл мәліметті Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 20 тамызда Таулы-Бадахшан автономды облысы, Ванч ауданы тұрғындарымен кездесу кезінде айтқан.

Рахмонның сөзінше, 12 содыр ұсталып, Тәжікстанға депортацияланған. Жақында сегізі сот алдында жауап береді.

"1992-2015 жылдар аралығында ауданның 96 тұрғыны шетелде діни білім алған. Олардың 92-сі елге қайтарылды. Төртеуі Египет астанасында заңсыз оқып жатыр", - деді тәжік президенті.

Эмомали Рахмон сәрсенбіде Таулы-Бадахшан автономды облысына жұмыс сапарымен барған.

2 мыңнан астам тәжікстандық "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына кіру үшін Сирия мен Иракқа кеткен. Алдын олардың 300-ден астамы қайтыс болғаны хабарланған. Қазір олардың көбінің әрі қарайғы тағдыры белгісіз.

Сарапшылардың дені тәжікстандықтардың көбі жұмыссыздықтың, білім сапасының нашарлығы салдарынан экстремистік-террористік ұйымның құрамына кірді деп есептейді.

XS
SM
MD
LG