Ссылки доступа

Беларусьте төртінші күн жаппай наразылық жалғасып жатыр


Минскідегі дәрігерлер акциясы, 12 тамыз
Минскідегі дәрігерлер акциясы, 12 тамыз

Беларусьте жаппай наразылық акциясы сәрсенбі күні де жалғасты, төртінші күн қатарынан жүріп жатыр.

Наразылық білдірушілер билік президенттік сайлау нәтижесін бұрмалап, қазіргі президент Александр Лукашенконың пайдасына шешті деп есептейді. Ол алтыншы жыл қатарынан сайлауға түсіп жатыр. Бұл жолы Орталық сайлау комиссиясы нәтижесі бойынша 80 процент дауыс жинаған.

12 тамызда Минскі метрополитені қауіпсіздік үшін "Октябрь", "Купалов", "Ленин алаңы", "Жеңіс алаңы" станцияларын жапқанын мәлімдеді. Соған қарамастан метро станциялары маңында наразылық білдірушілер жинала бастады.

Бір топ белсенділер Жеңіл алаңына қарай жүре бастады. Наразылық білдірушілер қолдарын көтерген, кейбірі гүл ұстаған. Көлікпен жүріп бара жатқандар оларды қолдап белгі берген деп хабарлайды "Интерфакс".

"Петровщин" метросы жанындағы қарсылық білдірушілер Дзержинский даңғылын жапты. Мұнда ОМОН өкілдері келіп, оларды қуған. Бірақ бәрібір акцияға шыққандар жиналып жатты деп жазады Tut.By.

Азаттықтың беларусь қызметінің хабарлауынша, Гомель қаласында полиция жасағы ұстағаннан кейін 25 жастағы тұрғын қаза тапқан. Ол ауруханада көз жұмған. Радио Свобода бұл хабарды қайтыс болған жігіттің анасының сөздеріне сілтеме жасап жеткізді. Айтуынша, ұлы Александрдың жүрегінде ақауы болған. Ол наразылыққа шықпаған.

Алдыңғы үш күнде де наразылыққа шыққан халықты полиция жасағы күшпен басып, ұрып-соғып жатты. Сәрсенбі күні күш құрылымы Брест қаласында халыққа қарсы қару қолданған.

Что использовал ОМОН в Минске
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:04:22 0:00

12 тамызда көшеге шыққан халық ішінде ақ киімдегі әйелдер көп болды. Олар қолдарына гүл ұстап, тізбектеп тұрып, күш құрылымдарының қатыгездік танытып жатқанына қарсы болып, дауысты қайта санауды талап етті. Дәл осындай акциялар Минскіде, Витебскіде, Могилёвта өтті.

Сәрсенбі күні Минскіде наразылық акциясына 130 медицина қызметкері шықты. Ол ақ халатпен Дзержинский даңғылындағы медициналық университет маңына жиналды. Дәрігерлер "біз бәріміз біргеміз" деп айту үшін шықтық дейді.

Сәрсенбі күні бірнеше журналистер ұсталды. Олардың арасында Азаттықтың белорусь қызметінің тілшісі Виталий Цыганков да бар. Оны ұрып-соғып, әйелі Ольгамен бірге полиция бөлімшесіне жеткізген.

"Беларусь 1" каналындағы "Арсенал" бағдарламасының жүргізушісі Владимир Бурко әскерилерге үндеу жасап, жұмысынан кетті. "Бес жыл бойы мен эфирден біздің әскер мықты, күшті деп айтып келдім…Бірақ олар өз халқына қарсы күш қолданады деп ешқашан ойламадым" – деген жүргізуші.

Наразылық кезінде мыңдаған адам ұсталған. Кемінде 250 белсенді зардап шеккен. Күш құрылымдары арасында да зардап шеккендер бар.

Александр Лукашенко болса, еліндегі наразылық шаралары "шетелдік қуыршақ ойнатушылардың қолымен" жасалып жатыр деген пікірде.

XS
SM
MD
LG