Сырдария облыстық ішкі істер басқармасы жүргізген шұғыл әрекет нәтижесінде бір жастағы баласын сату кезінде 25 жастағы А.У. ұсталды.
Хабарларға қарағанда, бала сатып алушы болып жасырынған милиция қызметкері 21 шілдеде А.У.-мен Гүлістан қаласында кездесіп, бала үшін қыруар ақша берген.
Әйел ақшаны алу кезінде ұсталды.
Сырдария облысының милициясы осы іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр.