Ссылки доступа

Алматы мәйітханалары алдында адамдар туыстарының денесін алу үшін кезекте тұр (видео)


Алматы мәйітханалары алдында адамдар қайтыс болған туыстарының денесін алып кету үшін ұзын-сонар кезекте тұр. Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны күн санап өсіп жатыр.

Морг Алматы не справляется с нагрузкой
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:40 0:00

Соңғы аптада әлеуметтік желілерде Алматыдағы мәйітханаларда коронавирустан қайтыс болған азаматтардың сүйегін алып кету үшін сағаттап кезек күтіп тұрған адамдардың видеолары кең тарап жатыр.

Азаматтардың айтуынша, ұзын-сонар кезектің пайда болуына адамның өлгені туралы мәлімет алу процесінің ұзаққа созылуы мен өлімнің өте көп болып жатқаны себеп.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәйітхана алдындағы ұзын кезекті бір сүйекті алуға бірнеше адамның келіп жатқанымен түсіндірді.

"Бір сүйекті алып кету үшін онға дейін адам келіп жатады. Қаза болғандардың денесі 12 сағат ішінде беріледі. Бұл жерге адамның өлімінің себептерін анықтау үшін алып келеді. Сондықтан қосымша уақыт қажет болады", - деді басқарма өкілі.

Соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирустан 264 науқас қаза тапты. Пневмониядан өткен айда 628 адам көз жұмған.

XS
SM
MD
LG