Ссылки доступа

Өзбекстан ауруханаларында коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге орын қалмады


Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі барлық мүмкіндігін сарқыды: ауруханалардың бәрі коронавиаус жұқтырған науқастармен толды деп хабарлады COVID-19-пен күрес республикалық штабының өкілі Хабибулла Акилов.

2020 жылдың сәуір айында эпидемия басталған кезде науқастарды емдеуге 16 мың орын бар екенін, қосымша 10 мың орын аурухана салатынын жеткізген.

Өзбекстанда соңғы күндері тәулігіне 300–350 адам індет жұқтырып жатыр. Бұл - анықталғаны ғана. Акилов егер күніне мыңнан астам адам ауыратын болса, денсаулық сақтау саласы "күйрейді" деді.

Қазір Өзбекстанда вирус жұқтырған, бірақ симптом белгілері байқалмайтын науқастарға үйінде емделуге кеңес беріп жатыр. Себебі, орын болмағандықтан созылмалы ауруы бар науқастар көз жұмып жатыр.

Хабибулла Акилов қазір елде күніне 20 мың адамнан сынама алып жатқанын жеткізді. Зертханалар сынама нәтижесін шығаруға үлгермей жатыр. Осыған дейін 5-6 сағатта анықтайтын болса, қазір кемінде екі күн күтуге тура келеді.

Аталған себептерге байланысты Өзбекстан билігі күшейтілген карантин тәртібіне қайта оралуға шешім қабылдады.

10 шілде мен 1 тамыз аралығында қоғамдық көліктерге шектеу қойып, той өткізуге тыйым салынды. Ірі сауда орындары, базарлар жабылды. Жасы 65-тен асқандарға көшеге шығуына болмайды.

Ресми мәлімет бойынша, Өзбекстан коронавирус 10,8 мың адамнан анықталды. 42 науқас қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG