Ссылки доступа

Тәжікстанның бір облысында пневмониядан 24 медицина қызметкері қайтыс болған


Хатлон облысында соңғы екі айда 24 медицина қызметкері пневмониядан көз жұмған.

Коронавирусқа күрес штабы өкілі Илёсиддин Саидовтің сөзінше, қайтыс болған 24 медицина қызметкерінің бәрі облыстағы ауруханаларда "қызыл зонада" жұмыс істеген.

"Тұтастай алғанда, Хаттон облысында 358 медицина қызметкері пневмониямен ауырды. Олардың 162-сі дәрігер, 152-сі медбике. Қалғаны техникалық қызметкерлер", - деді Илёсиддин Саидов.

Хатлон облысы билігі марқұмдардың отбасына көмек көрсетіліп жатыр деп мәлімдеді. Бірақ туыстары тек азық-түлікпен ғана қамтамасыз еткенін жеткізді.

Дәрігерлердің дені алғашқы кезде пандемия жарияланғанда, елге де коронавирус инфекциясы кіргенін білмегенін, арнайы қорғаныс киімдерін кимегенін мойындайды.

Хатлон облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір ауруханада COVID-19 вирусын жұқтырған 44 науқас жатыр. Облыс бойынша 337 адам ауырған, олардың оны көз жұмған. Жергілікті биліктің хабарлауынша, пневмониядан 190 адам қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG