АҚШ президентімен бірге тізімде 35 адам бар. Иран билігі оларды Сулейманидің өліміне қатысы бар деп есептеп, кісі өлтірді және терроризм үшін деп айыптап жатыр.
Интерпол бұған қатысты "саяси, әскери, діни және нәсілдік тұрғыдан іс-әрекеттерге бармайтынын" жариялаған.
Ақ үй Тегеран мәлімдемесіне қатысты әлі пікір білдірмеді.
Иранның жоғары дәрежелі генералы Касем Сулеймани жыл басында Бағдад жанында әуе соққысынан қаза тапты. Тегеран жауап ретінде АҚШ-тың Ирактағы әскері орналасқан базаны бомбалады.