Ссылки доступа

Еуроодақ Қырымды аннекциялағаны үшін Ресейге қарсы санкцияны ұзартты


Еуропалық одақ Украинаның Қырым және Севастополь аймағын басып алғаны үшін Ресейге қарсы санкцияны тағы бір жылға ұзартты. Бұл жөнінде Еуропалық одақ кеңесінің мәлімдемесінде айтылған.

Шектеу Қырым аймағына инвестиция құюға және туристік қызмет көрсетуге тыйым салынады. Сонымен бірге Қырымдағы кәсіпорындар өнімдерін Еуропалық одаққа экспорттай алмайды.

Ресей Қырымды 2014 жылы Украина қарсылығына қарамастан референдум өткізу арқылы аннексиялады. Батыс елдері Ресейді халықаралық заңдарды өрескел бұзды деп санайды.

Қырымды басып алғаны үшін АҚШ та Ресейге санкция салып келеді. Ал Ресей болса, "түбекті қайтарып, тарихи әділеттілікті қалпына келтірдік" деп есептейді.

XS
SM
MD
LG