Ссылки доступа

Ташкент әлемдегі арзан қалалар бестігіне кірді


Халықаралық Mercer консалтинг компаниясының Cost of Living Survey зерттеуі бойынша, Ашғабад әлемдегі ең қымбат екінші қала атанды.

9 маусымда жарияланған есепте Өзбекстан астанасы әлемдегі ең арзан бес қаланың бірі екені айтылған. Бұл тізімге Ташкенттен бөлек Карачи, Бішкек, Виндхук (Намибия) және Тунис қалалары кірген.

Әлемдегі ең қымбат қала - Гонконг. Екінші орында Ашғабад тұр. Түркіменстан астанасы Токио, Цюрих, Сингапур және Нью-Йорктен де қымбат деп аталды.

Сауалнама ірі қалалаларда жұмыс істейтін шетел мамандары арасында жүргізілген. Зерттеуде валюта бағамы, тауар мен қызмет құны, инфляция деңгейі және пәтерді жалға алу ақысы ескерілген.

XS
SM
MD
LG