80 жастағы тұрғынның үйіне тінту жүргізіліп, 300 шаршы метр жерде өсіп жатқан 2524 түп апиын және 4 түп қара қурай табылған.
Тергеу кезінде үй иесі 19 келі өнім алып, оны сатқысы келгенін мойындаған.
19 мамырда Самарқанд облысының Жамбай ауданында да апиын өсіру айыбымен 96 жастағы жергілікті тұрғын қамауға алынған. Тексеру кезінде оның қорасынан 122 түп апиын табылған.