Ссылки доступа

Ауғанстандағы екі шабуылдан ондаған адам қаза тапты


Кабул, 12 мая 2020 года. У роддома, подвергшегося нападению
Кабул, 12 мая 2020 года. У роддома, подвергшегося нападению

Кабулдағы перзентханаға жасалған қарулы шабуыл салдарынан кем дегенде 11 адам қаза тапты, олардың арасында балалар бар. Сол күні, 12 мамырда, Награрхар провинциясының Кхева ауданында жерлеу рәсімі кезінде бір жанкешті шабуылынан 24 адам қаза тапты, шамамен 70 адам жараланды.

Кабулдың батысында, шиіттер тұратын ауданда, перзентханаға шабуылдаған экстремистер мен үкімет күштері бірнеше сағат бойы атысты. Ауғанстан ішкі істер министрінің мәлімдеуінше, шабуылдан 14 адам қаза тапты, олардың арасында жаңа туған сәбилер бар. 15 адам жараланған.

Атыс кезінде үш содырдың көзі жойылды. Шабуылға ұшыраған пезентханада 80 әйел жатқан.

Куәгер Джавад Амиридің айтуынша, содырлардың бірі әскери киіммен жүрген, қалған екеуі медициналық киімде болған. Олар перзетханадағы адамдарды атқан.

Ауған билігінің ресми өкілінің мәлімдеуінше, перзентханаға "Шекарасыз дәрігерлер" гуманитарлық ұйымы көмек көрсетіп келген.

"Талибан" қозғалысының өкілдері бұл шабуылға қатысы жоғын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG