ҰАК таратқан мәліметте, Екатеринбургтің Чкалов ауданында ФСБ қызметкерлері контртеррористік операция жүргізген. Үш адам өлтіріліп, қару, жарылғыш заттар тәркіленген.
URA.RU сайтының хабарлауынша, операция Екатеринбургтегі бақша өсіру серіктестігінде жүргізілген. Оларды ұстау кезінде, күдіктілер қарсылық танытқан.
Таңға қарай контртеррористік операция режимі алынған.