Ссылки доступа

Өзбекстан оқу жылын онлайн режимінде аяқтайды


Өзбекстан 2019/2020 оқу жылын "online-maktab" жобасы аясында ұйымдастырылған телевизиялық сабақтармен аяқтайды.

Коронавируспен күрес жөніндегі арнайы республикалық комиссия осындай шешім қабылдады.

Мұғалімдер мен халыққа білім беру жүйесінің қызметкерлері қашықтан жұмыс істей береді. Оларға жалақы төленеді.

Еске салайық, биыл 16 наурызда Өзбекстанда барлық оқу мекемелері мен балабақшаларда карантин жарияланды.

30 наурызда телевизиялық сабақтар көрсетіле бастады. Қазір оқушыларға арналған сабақтарды үш телеарна көрсетіп жатыр. Республикадағы лицейлер мен колледждер қашықтан оқу жүйесіне көшті.

XS
SM
MD
LG