Путиннің мәлімдеуінше, "эпидемияның күшею кезеңі артта қалғанына қарамастан, ауру жұқтыру қаупі сейілген жоқ". Сол себепті ол Жеңіс шеруі мен басқа да көпшілік іс-шараларға дайындықты кейінге қалдыруды тапсырды.
"Біз коронавирус қаупі сейілген соң Жеңіс күніне арналған барлық іс-шараларды биыл өткіземіз, Мәскеуде де шеру болады, "Мәңгілік полк" маршы да ұйымдастырылады", - деп мәлімдеді президент.
Бұның алдында Ресейдегі ардагерлер ұйымдары президенттен Жеңіс шеруін кейінге қалдыруын сұраған.
Ресейде коронавирус барлық аймақтарда тіркелді. Сәрсенбі күні елде 3448 адамның COVID-19 коронавирусын жұқтырғаны анықталды. Ресейде 27 938 адам коронавирус жұқтырған, 232 адам қайтыс болған, 2304 адам аурудан айыққан.