Мәлімдемеде көрсетілгендей, ұсталғандар Сириядағы террористік ұйымдарды қолдап, қатарына қосылмақ болған.
Оларға қарсы қылмыстық іс қозғалған. Тергеу ісі барысында 24 мекен-жайға тінту жүргізіліп, 21 адам ішкі істер бөлімшесіне жеткізілген. "Ұсталғандардың үйінде дәлел келтіретін заттар табылды",- делінген хабарламада.
Әзірге олардың қандай террористок топқа қосылмақ болғаны жөнінде мәлімет жоқ.
2019 жылдың 4 қыркүйегінде Өзбекстан президентінің елдегі діни ахуалды жақсартуға бағытталған құпия қаулысында экстремистік насихатшылардың саны көбейгені айтылған.