Діни ұйым өкілі Джаррод Лопестің айтуынша, Түркіменстанның Дашогуз облысының соты 17 ақпанда діни қауым өкілі Вепа Матякубовты міндетті әскери борышын өтеуден жалтарды деп танып, екі жылға соттаған.
Ұйымның дерегінше, Түркіменстан билігі 2018 жылдан бері діни себеппен әскерге барудан бас тартқаны үшін ұйымның 20 мүшесін сотқа тартқан. Олардың үшеуінен басқасының бәрі түрме жазасын алған. Қазірге дейін 11 адам жазасын өтеп шыққан. Қалған тоғыз адам әлі түрмеде отыр.
Түркіменстан заңы 18 бен 27 жас аралығындағы ер адамдарды қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеуге міндеттейді. Одан бас тартқандарға екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.