Ссылки доступа

Германияда карнавалға жиналғандарды автокөлікпен қағып, соның салдарынан 30 адам зардап шекті


Германиядағы Фолькмарзен қаласында карнавал шеруі кезінде "Мерседес" автокөлігі жиналған адамдарды қақты. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, соның салдарынан кем дегенде 30-ға жуық адам зардап шеккен, жеті адам қатты жараланған.

"Автокөлік жүргізушісін полиция ұстады" деп хабарлады неміс полициясы. Билік бұны әзірге теракт деп атаған жоқ, бірақ куәгерлер автокөлік адамдарды қатты жылдамдықпен соққанын айтып отыр. "Біз әзірге бұны қасақана әрекет, немесе күдіктінің денсаулығының сыр беруі деп атай алмаймыз", – деді полиция өкілі DPA жаңалықтар агенттігіне.

Күдіктінің 29 жастағы неміс азаматы екені мәлім.

Фолькмарзендегі оқиғадан соң аудандағы карнавал шерулерінің барлығы өтпейтін болды.

2016 жылы желтоқсанда Берлинде жаңа жылдық базарда жүк көлігі бір топ адамды басып кетті. Сол кезде оннан астам адам қаза тауып, елу адам жараланды. Билік бұл оқиғаны теракт деп атады.

2017 жылы дәл осыған ұқсас оқиға Стокгольмде жаңа жылдық жәрмеңкеде тіркелді.

XS
SM
MD
LG