Ссылки доступа

Тәжікстан 200 әйел мен баланы Сириядан шығару үшін келіссөз жүргізіп жатыр


Лагерь "Эль-Хол" в Сирии
Лагерь "Эль-Хол" в Сирии

Тәжік билігінің мәлімдеуінше, қазір Сирия түрмелерінде Тәжікстанның шамамен 500 азаматы отыр.

Олардың дені "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы жағында қарулы әрекеттерге қатысты деген айыппен ұсталған.

Тәжікстан сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддиннің мәлімдеуінше, Сирия аумағында 219 әйел мен бала елге оралғысы келеді. Тәжік билігі Дамаскімен келіссөздер жүргізіп жатыр.

ЮНИСЕФ және Қызыл Крест Халықаралық комитеті тәжік билігіне көмектесуге әзір.

Өткен аптада БҰҰ мемлекеттерді өз азаматтарын Сириядағы лагерьлерден әкетуге шақырды. Сириядағы түрмелер мен лагерьлерде шамамен 100 мың адам отыр.

Еске салайық, өткен жылы сәуірде Душанбе Ирак түрмелері мен лагерьлерінде отырған 84 баланы елге жеткізген.

XS
SM
MD
LG