19 ақпанда түнде болған атысқа нақты не себеп болғаны айтылмайды. Арнайы жасақ өкілдері Ханау орталығындағы екі көшені қоршаған.
Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, шабуылдаушылар әуелі қаладағы екі қорқор барға (кальян бар) оқ атқан. Кейінірек орталық алаңдардың бірінде жүрген адамдарға шабуыл жасаған. Полиция қызметкерлері мен тікұшақтар екі аумақты да күзетіп жүр.
Полицияның 20 ақпанда түнде таратқан мәлімдемесінде оқиғаның шамамен түнгі сағат 22.00-де болғаны, сегіз адамның қаза болғаны айтылады. Одан соң тағы екі кісінің мәйіті табылғаны мәлім болды.