Олар диссиденттің ұсталуын сөз еркіндігін шектеу және коронавирус туралы мәліметтерді бақылау бойынша Қытай билігінің кезекті саясаты деп бағалап жатыр.
"Жаңа азаматтар қозғалысы" деп аталатын әлеуметтік кампанияның бастамашысы Сюй Чжиюн Гуанчжоу провинциясында әріптесі Ян Биндің үйінде ұсталған.
Жексенбі күні оны жасырып келгені үшін үй иесі мен оның ұлы ұсталып, көп өтпей босатылған. "Америка дауысы" жаңалықтар қызметі хабарлағандай, полиция журналистерге бұл оқиға бойынша жауап беруден бас тартқан.
Қытай полициясы былтыр желтоқсанда Фуцзянь провинциясындағы жасырын кездесуге қатысушыларды іздей бастаған. Іс-шараға қатысқан 20-ға жуық белсенді және құқық қорғаушылар арасында Сюй Чжиюн да болған.
Ақпан айының басында Си Цзинпин коронавирус эпидемиясы мен Гонконгтағы наразылық акцияларын тоқтата алмай тұрғандығы жазылған Сюй Чжиюнның эссесі жарияланған.
Осыған дейін Чжиюн ішкі мигранттардың құқықтарын қорғаған кампанияға қатысқаны және шенеуніктердің байлығы туралы ақпаратқа жетуге әрекет еткені үшін төрт жылға сотталып шыққан.
АҚШ-та тұратын қытайлық құқық қорғаушы Тэн Бяо қазіргі эпидемия билік үшін қоғамды күшейтуге сылтау болып жатыр дейді. Ол Америкаға көшіп барғанға дейін Қытайда бірнеше рет қамауға алынған.