Оқ атқан әскери қызметкер адамдарды кепілдікке ұстап тұрған сауда орталығында атып өлтірілді.
The Bangkok Post газеті атыс кезінде құқық қорғау органдарының үш қызметкері жарақат алғанын хабарлады.
Thai PBS телеканалы мәліметіне қарағанда, оқтан 63 адам жарақат алып, 13-і жергілікті ауруханаға жатқызылған.
Таиланд премьер-министрі Прают Чан-Оча әскери қызметкері үй сатуда туындаған проблема үшін оқ жаудырған.
32 жастағы Жакрапант Томма алғаш әскери лагерьде үш офицерді өлтіріп, армияға тиесілі көлікті айдап қашқан. Ол «Терминал-21» сауда орталығына бара жатқан жолда, одан соң ішінде адамдарға оқ атып, біразын кепілдікке алған. Оның қандай талап қойғаны белгісіз.