Ссылки доступа

"Союз" ғарыш кемесі қазақ жеріне қонды


НАСА астронавты Кристина Кук. Қазақстан, 6 ақпан, 2020.
НАСА астронавты Кристина Кук. Қазақстан, 6 ақпан, 2020.

Халықаралық ғарыш станциясының экипаж мүшелері "Союз МС-13" кемесімен Қазақстанның Жезқазған өңіріне қонды. Ресейлік Александр Скворцов, италиялық Лука Пармитано және АҚШ азаматы Кристина Кук Жерге оралды. Олар 61- экспедицияның қатысушылары.

Кук әйелдер арасында ғарышта ең ұзақ болған ғарышкер ретінде рекорд жасады. Ол ғарышта 328 күн болды. Алдыңғы рекордты 2017 жылы америкалық Пегги Уитсон жасаған. Ол ғарышта 288 күнін өткізген.

Пармитано мен Скворцов 201 күн жүрді.

Кеме капсуласы Жезқазғаннан 150 шақырым қашықтыққа қонды. Енді ғарыштағы жұмысты ресейлік Олега Скрипочки мен америкалық ғарышкерлер Джессики Меир мен Эндрю Морган жалғастырады.

Кристина Куктың ғарышқа бірінші рет ұшуы. Оның экспедициясы ғарышта ұзақ болғанның әйел ағзасына әсерін зерттеуге мүмкіндік берді. Бұл НАСА-ның "Артемида" бағдарламасы аясында Айға оралу мен Марсты игеруге дайындық үшін қажет болған.

XS
SM
MD
LG