Ссылки доступа

Душанбе: "Ислам мемлекеті" Тәжікстанның үш түрмесінде бүлік шығарғысы келді


Тәжікстанның үш түрмесінде жаппай тәртіпсіздік жасауға талпынған жазасын өтеушілердің ісі сотқа берілді. Әділет министрлігі қылмыстық жазаны атқару бас басқармасының хабарлауынша, радикалдық топтар мен ұйымдардың жақтасы саналатын 30 жазасын өтеушіге қылмыстық іс қозғалған.

Бұның алдында Тәжікстан Жоғарғы сотының төрағасы Шермұхаммад Шохиён Худжанд пен Вахдат колонияларында бүлік шығарған 60 жазасын өтеушіге үкім шыққанын, тағы 30 жазасын өтеушінің ісі сотта қаралып жатқанын мәлімдеген. Олардың бірқатары Душанбедегі түрмеде жаппай тәртіпсіздік жасауға талпынған делінеді. Шохиён бұл мәселені ашып айтпады.

Қылмыстық жазаны атқару бас басқармасының басшысы Мансуржон Умаровтың айтуынша, түрмеде бүлік шығарғысы келген 30 адамның барлығы "Ислам мемлекеті", Ансоруллах, Өзбекстан ислам қозғалысы секілді террористік және радикалдық топтардың мүшелері.

Жазасын өтеушілер мен олардың адвокаттарының жаңа айыптауға қатысты пікірі әзірге белгісіз. Сот процесі жабық өтеп жатыр.

XS
SM
MD
LG