Бұл туралы Өзбекстан Жоғарғы соты баспасөз қызметінің жетекшісі Азиз Абидов журналистерге хабарлады.
Файзуллаев 1080-нен астам жәбірленушіге 21 млрд 192 мың сум (шамамен 2,2 млн доллар) төлеуі тиіс.
Өткен жылы қыркүйекте Ташкенттегі HUMAN жұмыспен қамту агенттігі 200 адамды Германияда, 500 адамды Чехияда жұмысқа орналастыруға уәде берген. Алданған жұмыс іздеушілерге агенттік ақша қайтармаған.
Агенттік тұрғындарға Германия, Чехия, Жапонияда, Түркияа, Болгарияда және Литвада жұмысқа орналастыруға уәде берген. Олардың әрқайсысы агенттікке 18 миллионнан 35 миллон сумға дейін ($1800-3700) төлеген.