Ссылки доступа

Тәжікстан бас прокуроры: түрмеде бүлік шығаруға талпынған 70 адам жазаланды


Исправительная колония №3/2 в городе Вахдат
Исправительная колония №3/2 в городе Вахдат

Тәжікстанда түрмеде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға талпынды деп айыпталған 70 адам қосымша жаза алды. Тағы 30 адамның ісі тергеуде жатыр.

Тәжікстан бас прокуроры Юсуф Рахмон 24 қаңтарда парламент отырысында осылай деп мәлімдеді. Шенеунік істің қай түрмеге қатысты екенін айтпады.

Тәжік колонияларында жарты жылдың ішінде екі бүлік тіркелді: 2018 жылы 7 қарашада Худжанд қаласындағы колонияда және 2019 жылы 19 мамырда Вахдат қаласындағы колонияда. Ресми мәлімет бойынша, "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының аса қауіпті 30 жақтасы Вахдат колониясының үш қызметкерін өлтіріп, түрмеден қашуға талпынған. Бүлік кезінде 32 адам қаза тапты: 29 жазасын өтеуші және мекеменің үш қызметкері.

Худжанд қаласындағы колонияда тіркелген бүлікте 21 жазасын өтеуші, түрменің екі қызметкері қаза тапты, бес күзетші ауыр жараланды.

Өткен жылы жазда Душанбе қаласындағы түрмеде жазасын өтеушілер жаппай тәртіпсіздік жасауға әрекеттенгені туралы хабарланды.

Human Rights Watch адам құқықтарын қорғау ұйымының есебінде Тәжікстандағы түрмелер мен тергеу абақтыларында кісі азапталатыны туралы айтылды.

XS
SM
MD
LG