Ссылки доступа

Өзбекстан тыйым салынған ұйымдар, сайттар және кітаптар тізімін жаңартты


Өзбекстанның дін істері жөніндегі комитеті ел аумағында таратуға тыйым салынған діни мазмұндағы материалдар тізімін жаңартты.

Құжат 2019 жылы 25 желтоқсанда бекітілген.

"Хизб ут-Тахрир", "Нурджулар" қозғалысы, "Акрамиттер қоғамы", "Нурсафардийя қозғалысы", "Катиба Таухид валь-Жихад", "Жабхат ан-нусра", "Таблигии жамаат" және басқа да ұйымдар мен топтарға тыйым салынған.

Өзбек диссидент-жазушы Нурилло Отахановтың "Бу кунлар" кітабы, имам Фазлиддин Парпиевтің президент Шавкат Мирзияевқа арнаған видеоүндеуі де тыйым салынған материалдар санатына енген. Парпиев 2018 жылы Өзбекстаннан кетуге мәжбүр болған.

Бұған қоса тізімде Швециядан саяси баспана алған имам Мұхаммадасолих Абутов, имам Рашод Камалов, имам Обидхон-кори Назаров, имам Абдували Мирзаев бар. Мирзаев 1994 жылы Ташкент әуежайында жоғалып кеткен еді.

XS
SM
MD
LG