Полиция Түркияда заңсыз жүрген азаматтар туралы мәліметті Миграция бойынша мемлекеттік қызметтен алған.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мигранттардың туыстарына бұдан былай Түркияға бару ережесі күшейетінін ескертіп жатыр.
Түркімен билігінің Түркияда жүрген мигранттарды қайтару бойынша кезекті әрекеті түрік ақпарат құралдарында қылмысқа тартылған түркіменстандықтар туралы ақпараттың көп шыға бастағанымен тура келді.
Түркіменстанда экономикалық дағдарысқа байланысты соңғы жылдары елден кетіп жатқан азаматтар саны бірнеше есеге артқан.