Оның айтуынша, полиция өкілдері дүкен иелеріне мерзімі өтіп кеткен тауарлар мемлекет пайдасына алынатынын ескертіп жатыр.
"Бірақ полиция өкілдері пайдалану мерзімі өтіп кеткен тауарларды сатуға рұқсат беру үшін дүкен иелерінен 2 мың манаттан пара сұрап жатыр. Ресми бағам бойынша бұл 570 долларға, қарабазардағы курс бойынша 105 долларға тең", - дейді тілші.
Экономикалық дағдарысты бастан өткеріп жатқан Түркіменстан аймақтарында соңғы жылдары мерзімі өтіп кеткен тауарларды сату қалыпты жағдайға айналған.